02 шілде 2018 09:21

Шымкентте үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы таралып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы таралып жатыр. Бұл оқиға Шымкентте 1 шілдеде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІБ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруге болады. Tengrinews.kz видеоны ар-ұят құндылықтарына байланысты жарияламайды.

Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті ұсталды. Ол - Шымкенттің 1985 жылғы тұрғыны. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. 

11 жастағы баланы дәрігерлер қараған. Қазіргі уақытта ол ата-анасымен үйінде. Оқиғаның өзге мән-жайы айтылмайды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети