18 қараша 2022 08:44

Шымкентте бес жігіт 15 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жаннета Жазықпаева Elitar.kz порталына кәмелетке толмаған қала тұрғынын бес жігіттің зорлағаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жаннета Жазықпаева Elitar.kz порталына кәмелетке толмаған қала тұрғынын бес жігіттің зорлағаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазықбаева бала құқықтары жөніндегі омбудсмен ретінде толық ақпаратты Шымкент полициясынан алған.

Ведомство мәліметінше, анасы қызының зорланғаны туралы арызды тамызда Абай аудандық полиция бөліміне жазған.

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігі ("Зорлау, адамдар тобымен жасалған әрекет") бойынша соталды тергеу амалдары басталды. 12 қазанда жәбірленушіге сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптама жүргізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Жазықбаева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл күдіктілер 2003-2004 жылдары туған Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тумалары екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети