20 қаңтар 2015 | 13:23

Шымкентте екі адамға оқ тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ОҚО ІІД баспасөз қызметі ©ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкентте қыз бен жігіт оқтан жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. Полиция қылмыстың ізін суытпай адам өміріне қастандық жасағандарды ұстады.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте қыз бен жігіт оқтан жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. Полиция қылмыстың ізін суытпай адам өміріне қастандық жасағандарды ұстады.

Оқиға 14 қаңтарға қараған түні Момышұлы көшесінде болды. Бес адам бұрынғы нашар қарым-қатынастарына байланысты жәбірленушінің өміріне қастандық жасау үшін ол көлікте келе жатқан жерінде жолын кесіп, оқ атқан. Жәбірленген азамат олардан қашып тығылуға әрекеттенген кезде олар Nissan көлігімен қуып жетіп, оқ жаудырады, Бір оқ оның басына, тағы бір оқ көшеден өтіп бара жатқан 1993 жылы туылған қыздың қолына тиген, күдіктілер оқиға орнынан белгісіз бағытқа қашып кетті. Қыз №1 жарақат пунктіне жеткізілді, оқ оның оң қолын тесіп өткен. Ал басынан жарақат алған 21 жастағы жігіт қалалық ауруханада жатыр. 

Айта кетейік, бұл оқиға сол көшеде орналасқан мекемелердің бейнебақылауына жазылып қалған, қылмысты ашу үшін полиция бір күн бойы жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде Абай аудандық ішкі істер басқармасының мамандары бұл қылмысты жасағандарды анықтап, 1992, 1994 және 1996 жылы туылған үш адам мен тағы екі күдіктіні ұстады, бесеуі де - облыс орталығының тұрғындары, олар жасаған қылмыстарын мойындап отыр. Оларды тінту барысында үйдің ауласына көмілген 16 калибрлі қос ауызды аңшы мылтығы табылды. Сонымен қатар, заттай айғақ ретінде Nissan автокөлігі мен газды және жарақат салатын тапанша тәркіленіп, тағы да басқа айғақтар табылды.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер тұтқындалды, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 12 қаңтарда Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны бір қызға пневматикалық тапаншамен оқ атқаны хабарланған болатын. Жәбірленуші қыз күдіктінің бағытты автобусқа отырғанын көрген. Куәгерлердің айтуынша, ер адам қоғамдық көлікте өзінің ашу-ызасын көрсеткен, жолаушыларға былапыт сөз айтып, аялдамалардың бірінен түсіп қалған. Жолаушылардың бірі оның тапаншасын байқап, полицияға шағым түсірді. Полицейлер 22 жастағы жігітті ұстады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети