12 қаңтар 2015 | 12:08

Астанада мас адам бір қызға тапаншамен оқ атты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны бір қызға пневматикалық тапаншамен оқ атты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны бір қызға пневматикалық тапаншамен оқ атты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлер 22 жастағы жігітті ұстады. "Астана қаласы Жедел басқару орталығына белгісіз бір адамның мас күйде пневматикалық тапаншамен көшедегі адамдарға қауіп төндіріп тұрғаны туралы хабар келіп түсті. Бірінші болып қоңырау шалған бір қыз көшеде бір жігіттің қолына тапанша алып, жақын жерден мұның аяғынан атып, қашып кеткенін айтты. Жәбірленуші ауруханаға көрінді, оған "оң жамбастың бет жағынан зақымдала жаралануы" деген диагноз қойылды", - делінген баспасөз парағында. 

Жәбірленуші қыз күдіктінің бағытты автобусқа отырғанын көрген. Куәгерлердің айтуынша, ер адам қоғамдық көлікте өзінің ашу-ызасын көрсеткен, жолаушыларға былапыт сөз айтып, аялдамалардың бірінен түсіп қалған. Жолаушылардың бірі оның тапаншасын байқап, полицияға шағым түсірді. 

Оқиға орнына келген полицейлер бұзақыны ұстады. Ол Алматы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Күдікті Оңтүстік Қазақстан облысынан келгенін айтты, таңертең досымен бірге арақ ішкен жігіт досы ұйықтап қалған кезде оның тапаншасын алып, көшеге шыққан. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігімен ("Қару қолданып, бұзақылық жасау") қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қазір Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу жүріп жатыр. 

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.19  course up  543.92  course up  5.27  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer