24 қыркүйек 2021 09:23

Шымкентте есірткі жарнамасы жер жарып тұр

Адвокат Евгений Яворский. Фото: КТК Адвокат Евгений Яворский. Фото: КТК

Шымкентте есірткі жарнамасы жер жарып тұр. Көшеде ілінген жарнамаларда апта сайын 300 мың теңге табуға болатыны жазылған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Шымкентте есірткі жарнамасы жер жарып тұр. Көшеде ілінген жарнамаларда апта сайын 300 мың теңге табуға болатыны жазылған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Адвокат Евгений Яворский оның артында есірткі саудасы жатыр. Көшеден "жақсы жалақы береміз" деген жарнаманы көрген адвокат бірден көңіліне күдік ұялағанын айтады. Жұмыс ұсынушылардың жалақыны теңге емес, Ресей рублімен көрсеткені әрі байланыс нөміріне жат елдің коды жазылғаны бірден ұнамапты. Сосын WhatsApp арқылы тексеріп көрген. Тұтқаның ар жағындағы ер адам есірткі тасымалымен айналысу керегін айтқан.  

"Бірден "есірткі тасымалдайсыз" деп жазды. Яғни "біз нұсқаған жерге барып, пакетке оралған есірткіні аласыз да, дозаларға бөліп, айтылған орындарға жеткізесіз" дейді. Ал кепілдеме ретінде сіздің тұрғылықты мекенжайыңыз бен фотоңыз ғана керек екен. Есесіне аптасына, кем дегенде 300 мың теңге төлеп тұруға уәде береді. Ал мұндай ақша біздің өңірге нағыз батпан құйрық", - дейді адвокат. 

Адвокат полицейлердің бейқамдығына наразы болған. Өзі тіпті есірткімен күрес басқармасының басшысына дейін телефон шалған екен. Бірақ, адвокаттың айтуынша, полицейлер бұл бойынша жұмыс істеліп жатқанын айтқан. 

"Полицейлер жарнамаға сеніп есірткі тасығандарды ғана емес, кім және қандай көлемде әкеліп жатыр,мұның бәрін ұйымдастырғандарды ұстауы керек қой. Көрсетілген телефон нөмірі Ресейдікі болса, сол елдің құзырлы орындарына шықсын. Тәжірбиелі мамандарға мұндай қылмысты ашу аса қиын емес. Мұның жолын кеспесе, жүздеген, мыңдаған отбасы зардап шегері анық", - дейді Евгений Яворский. 

Телеарна мәліметінше, есірткі тасуға үндеген бұл қағаз камера орнатылған бағанаға ілінген. Тағы бірнеше метр жерде мемлекет қойған тағы бір камера тұр. Ал полицейлер синтетика сатқандардың өзін ұстаудан гөрі, хабарландыру қағаздарын жоюға күш салып жатыр екен.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Анықталған жарнама парақтары сол жерден алынып, қылмыстық іске тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтап жатыр", - дейді Абай АПБ бастығының орынбасары Керімбек Сейдуәлиев. 

Әзірге Шымкентте есірткі саудасын қыздырғындардың нақты кім екені белгісіз. Ондай ақпаратты полицейлер де білмейді. Адвокат жарнамаға алданған жастар есірткі курьеріне айналып жатқанын айтады. Бұлай жалғаса берсе, Шымкент нашақорлар қаласы атануы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети