18 ақпан 2021 08:25

Шымкентте жасөспірім сыныптасының әкесін өлтірді деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pwoduli.hol.es Фото: pwoduli.hol.es

Шымкентте 15 жастағы жасөспірім сыныптасының әкесін өлтірді деген күдікке ілінді. Ер адам өз үйінен 150 метр қашықта таспен ұрып өлтірілген деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Шымкентте 15 жастағы жасөспірім сыныптасының әкесін өлтірді деген күдікке ілінді. Ер адам өз үйінен 150 метр қашықта таспен ұрып өлтірілген деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайтыс болған адамның туыстарының пікірінше, жасөспірімнің бұл ісіне екеуінің арасындағы көптен бере келе жатқан дұшпандық себеп болуы мүмкін: ер адам қызын жасөспірімнің шабуылынан қорғап, оған бірнеше рет ұрысқан.

Ер адам небәрі 42 жаста болған. Әпкесінің айтуынша, марқұмның сау-тамтығы қалмаған.

"Денесі толық қанға боялған, беті сынған, бәрі сынған. Білмеймін, айта алмаймын ... таспен ұрды дейді, оның қабырғалары да сынған. Сараптама растады", - деді Севда Идрисова.

Қайтыс болған ер адамның қызы күдіктімен бір сыныпта оқиды. Қыз сыныптасының әрқашан қатал болғанын және ашуланып жүретінін айтады. Оның өзі бірнеше рет жылап келіп, әкесіне шағымданған.

"1-сыныптан 4-сыныпқа дейін бір партада отырдық. Екеуміз үнемі жанжалдасып жүретін едік: мені ұратын, шашымнан тартып, аяғымнан шалып құлататын. Ол осы уақытқа дейін солай істеп келді. Мен де үнемі әкеме айтатынмын. Әкем оған ескертті", - деді қайтыс болған адамның қызы (аты-жөні көрсетілмеген - еск.).

Қайтыс болған адамның туыстары бұл өлтіруге себеп болды деп күдіктенеді. Сол қайғылы кеште күдікті мен оның достары адам өлтірілген үйдің жанында жүрген. Олардың қолында таяқ болған. Ер адамның денесі табылғаннан кейін полиция сол жерге осы жігітті алып келген.

Жасөспірім оқыған мектептегілер жағдайға араласпауды жөн көрді.

"Бізге ата-аналар тарапынан да, оқушылар тарапынан да шағым түскен жоқ. Орташа үлгерімі бар қарапайым бала", - деп түсіндірді мектептегілер.

Полициядағылар да ауыр қылмыс туралы пікір білдірмеді. Олар қандай бап бойынша айып тағылғанын және қанша күдікті барын да айтпады. Тек 15 жастағы мектеп оқушысы изоляторда екені белгілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети