24 шілде 2018 16:38

Шымкентте көлік айналарын ұрлап жүрген алматылық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: zarulim.com.ua Сурет: zarulim.com.ua

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Шымкентте көліктердің айналарын ұрлап жүрген алматылық тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік тіл басқармасы мен Түркістан облысының ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.


Түркістан облысының полиция қызметкерлері Шымкентте көліктердің айналарын ұрлап жүрген алматылық тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік тіл басқармасы мен Түркістан облысының ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғынШ ымкенттің Әл-Фараби аудандық Ішкі істер басқармасының полиция бөлімшесіндегілерге  үйінің маңына қойып кеткен көлігінің екі айнасын белгісіз біреулердің шешіп алып кеткенін хабарлаған. Айтуынша, ұрланған мүлкі 500 мың теңгеге бағаланып отыр.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алматылық күдіктіні ұстады. Қазір күдікті қамауға алынды. "Ұрлық" деген баппен сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Полицейлердің анықтауынша, күдіктінің бұл іске қатысы бар. Барлық жәбірленушіге әкелінген залал - миллион теңге шамасында ", - деп хабарлады Түркістан облысының ІІД өкілі.

Осы орайда полицейлер көлік құралдарының иелеріне қауіпсіздік шараларсын сақтап, "Өзінің көлігіне сенімді сигнал жабдығын орнату керектігін" ескертеді.

"Көлікті ақылы тұраққа немесе көлікжайға қою керектігін, автокөлік ішінде қандай да бір бағалы затты қалдырмауға, құжаттарын өзімен бірге алып жүруге кеңес берді. Мұндай алдын-ала қабылданған шаралар ұрлықты айтарлықтай төмендете түседі", - деп ескертті полиция қызметкерлері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети