Шымкентте сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы парамен ұсталды

27 Қыркүйек 2016, 11:27
0
Шымкентте сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы парамен ұсталды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілер Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кенжеқұлов Б. есімді азамат өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жеке мақсатта делдал арқылы тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актіні тіркеу үшін жеке тұлғадан 280 мың теңге көлемінде пара алған", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта ұсталған азамат Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай