1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Шымкентте ішімдіктің ірі партиясы жойылды 21 сәуір 2021, 09:49

Шымкентте арақ, шарап пен коньяктың ірі партиясы жойылды. Бульдозер жеті мың бөтелкеге жуық заңсыз өндірілген ішімдік мен 13 тоннаға жуық этил
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видеодан алынған Видеодан алынған

Шымкентте арақ, шарап пен коньяктың ірі партиясы жойылды. Бульдозер жеті мың бөтелкеге жуық заңсыз өндірілген ішімдік мен 13 тоннаға жуық этил спиртін жойды, - деп хабарлайды "AstanaTV" телеарнасы.

Телеарна мәліметі бойынша, егер заңсыз өндірілген ішімдікті жергілікті дүкендерге таратып үлгерсе, тауар иелері 18 миллион теңге табыс табар еді. Алайда жерасты цехын Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері анықтаған.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, жерасты цехы 2020 жылы қазанда тәркіленген. Қаскүнемдер танымал отандық брендтердің алкоголь өнімін қолдан жасаған. Өндіріске 96 пайыздық этил спиртін пайдаланған.

Цех иесі қылмыстық жауапқа тартылған.

"Жерасты цехын ашқан адам төрт миллион теңге шығын келтірген. Ол шығынды толығымен өтеді. Осыған байланысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды", - деді Шымкент Экономикалық тергеу департаменті ресми өкілі Жұпар Мамутова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!