06 ақпан 2017 13:08

Шымкентте ұрлығын мойындаған студентті аяусыз сабағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте студентті ұрып-соғып, видеоға түсіргендерді полиция ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте студентті ұрып-соғып, видеоға түсіргендерді полиция ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, осыған дейін белгісіз біреулердің студентті ұрып-соғып, қинағаны жайлы видео пайда болған еді. Бұл дерек 2017 жылдың 29 қаңтарында Шымкенттегі пәтерлердің бірінде болғаны анықталды. Соққыға жығылған жігіт Сарыағаш ауданының 1997 жылғы тұрғыны болып шықты. Ол автотехникалық колледждің студенті екен.

Жедел-іздестіру шараларының барысында ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері заңбұзушылық жасады деген күдікпен Байдібек ауданының 1999 жылғы тұрғынын ұстады. Ол техникалық колледждің 2 курсының студенті. "Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша екі жылға бостандығынан шектелген. Қазіргі уақытта Шымкенттің Абай аудандық полициясы күдіктіні қарақшылық шабуыл жасаудың үш дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр", - делінген ІІД хабарламасында.

"Осы оқиғаны тергеу барысында 20 жастағы жәбірленуші оқиға кезінде әзілдегенін айтып, полицияға шағымданудан бас тартты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті ата-анасының қарауында, тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети