27 қараша 2024 | 10:03

Шымкенттегі ломбардты тонау оқиғасы: сот үкім шығарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Шымкентте медициналық бетперде киіп ломбардқа басып кіріп, кейін қызметкерді ойыншық қарумен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен ер адамға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы Сот мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте медициналық бетперде киіп ломбардқа басып кіріп, кейін қызметкерді ойыншық қарумен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен ер адамға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы Сот мәліметіне сілтеме жасап.

"Оған ломбардқа телефонын алу үшін кірген 18 жастағы келуші кедергі болған. Қылмыскер оқиға орнында ұсталып, қылмыстың жолы кесілді. Оқиғаға бей-жай қарамаған тұрғынға сертификат берілді, қылмыскер ұсталды", - делінген хабарламада.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында айыпталушыға қатысты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен ("Зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға оқталу") қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында прокурор айыпты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 191-бабының 1-бөлігімен өзгертіп, "зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытумен" деген біліктілік белгіні алып тастады. Жәбірленуші тараптың қарсылығы болмаған жағдайда айыпты мұндай өзгерту сот үшін міндетті болып табылады.

"Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен жәбірленушінің өкілінің айғақтары, бейнежазбалар және басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот сотталушыны кінәлі деп таныды.

Жеңілдететін мән-жайларға кінәсін мойындау, жасаған қылмысына шын жүректен өкіну, жастығы, соттылығының болмауы жатқызылды, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген. Осыған байланысты сотталушы 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге жатады".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Жетісу облысына барды
Мұнай бағасы өсіп жатыр
Тоқаев Ақтөбе облысына барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 522.8  course up  545.93  course up  5.05  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer