Шымкенттегі сыра зауытының қызметкерлері арнайы операцияның мән-жайын айтып берді

31 Қаңтар 2016, 18:03
0
Шымкенттегі сыра зауытының қызметкерлері арнайы операцияның мән-жайын айтып берді - Сыра зауытының маңы. © Tengrinews.kz
Сыра зауытының маңы. © Tengrinews.kz

Шымкенттегі сыра зауытының қызметкерлері 30 қаңтарда өткен арнайы операцияның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды TVK.

Кәсіпорын жұмысшыларының бірінің айтуынша, сыра зауытында 30 қаңтарда тінту жұмыстары жүргізілген. "Күндізгі уақытта территорияға арнайы жасақпен екі "КамАЗ" кіріп келді - олар аумақты қоршауға алды. Бастапқыда біз жаттығу өтіп жатыр екен деп ойладық. Бірақ кейін одан да маңызды жағдай болып жатқанын білдік. Полицейлер сот ордерін көрсетіп, кәсіпорынды тінту жұмыстарын бастады. Осы күні жұмыста болған жұмысшыларды бөлек орынға кіргізді", - деді ол.

Сонымен қатар, Шымкенттің тағы бір тұрғыны басылымға кешкі уақытта кәсіпорынның маңынан өткенін айтты. Оны өзін ҚР ІІМ орталық аппаратының қызметкері деп таныстырған ер адам тоқтатқан. Полицей одан куәгер болуын сұраған. "Ол менен сыра зауытының иесінің түрмеге қамалғанымды естіген-естімегенімді сұрады. Мен білмеймін деп жауап бердім. Ол азаматтық парызымды орындап, куәгер болуымды сұрады. Полиция кабинеттерді тексерді. Мені территорияға кіргізді, кейін біршама уақыттан кейін босатып жіберді", - деді ол.

Еске салайық, осыған дейін Шымкентте арнайы операция кезінде белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ұсталғаны хабарланған болатын. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. 

Ұсталған кәсіпкер "Шымкентсыра" ЖШС иесі және Террорлық қатерлерді сараптау орталығын басқарады. Бірлестіктің сайтындағы өмірбаянда Төлешовтің 2008 жылдан бастап қоғамдық ұйымдарда көптеген қызметтерді атқарғаны жазылған. Сонымен бірге, ол - "Нұр Отан" партиясының мүшесі, бірнеше журналистер одағының мүшесі және Қазақстан казактары бірлестігінің жоғарғы атаманының кеңесшісі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай