Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісі құпияланды 30 мамыр 2016, 11:31

Мемлекеттік құпиялар құрамындағы мәліметтерді қорғау бойынша шараларды қабылдау мақсатында іс материалдарын құпиялау туралы шешім қабылданды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

Шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісі құпияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берілген жауапта айтылады.

"Қазақстан Республикасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы арнайы прокурордың басшылығымен Т.Д. Төлешовке қатысты және өзге тұлғаларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыс деректері бойынша №160000031000014 қылмыстық істі тергеп жатыр. Сонымен қатар, қылмыстық қудалау органы ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 47-бабының талабының негізінде мемлекеттік құпиялар құрамындағы мәліметтерді қорғау бойынша шараларды қабылдау мақсатында іс материалдарын құпиялау туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Бас прокуратурадағылар.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды.


Join Telegram