02 ақпан 2021 08:26

Шымкенттік шенеунік қамауға алу туралы хабарламадан кейін видеоүндеу жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/askar_kanybekov1 © instagram/askar_kanybekov1

Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков желіде аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болғаннан кейін Instagram желісінде видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков желіде аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болғаннан кейін Instagram желісінде видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен, Қаныбеков Асқар Сәкенұлы, Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысымын. 2021 жылғы 1 ақпанда мен туралы Instagram, Facebook, басқа да әлеуметтік желілерде, бірқатар ресми ақпарат сайтында негізсіз жалған ақпарат таратылып отыр. Мен бүгінгі таңда жұмыста отырмын. Өзіме жүктелген міндеттерді атқарып отырмын", - деді ол видеоүндеуде. 

Сонымен қатар, Асқар Қаныбеков "ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіне сай тағылған айыпты теріске шығару жөнінде шаралар қолданатын" ескертті.

"Бүгін "Чиновник" Телеграм-каналы маған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелгені туралы хабар таратты. Аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін назарларыңызға сала отырып, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексіне сай тағылған айыпты теріске шығару жөнінде шаралар қолданатынымды хабарлаймын", - деп жазды шенеунік.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Каныбеков Аскар Сакенович (@askar_kanybekov1)

Айта кетейік, 1 ақпанда бірқатар қазақстандық БАҚ "Шенеунік" Телеграм-каналына сілтеме жасай отырып, Асқар Қаныбековке, сондай-ақ "Континентал логистикс Шымкент" ЖШС директоры Темірболатовқа және басқа да тұлғаларға қатысты 189-баптың 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелгені туралы ақпарат жариялады.

БАҚ мәліметінше, 2020 жылдың сәуір айында жоғарыда аталған тұлғалар мемлекеттік бағдарлама аясында жеміс-көкөніс қоймаларын салуға бөлінген бюджеттің 178 миллион теңгесін жымқырды деп болжанған.

Сонымен қатар, кейбір БАҚ Асқар Қаныбековтың пара алып, тіпті қамауға алынғаны туралы ақпарат жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети