25 ақпан 2015 | 12:22

Сириядағы лаңкес танысына қаржы аударған қазақстандық сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mail.ru ©mail.ru

Павлодар облысының тұрғыны терроризмді қаржыландырғаны үшін үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының тұрғыны терроризмді қаржыландырғаны үшін үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Прокуратураның мәліметінше, 2013 жылдың сәуірінде жергілікті тұрғындардың бірі Сирияға халықаралық террорлық ұйым құрамында қарулы оппозиция қатарында үкіметтік жасақтарға қарсы соғысқа қатысуға аттанған. Ол Түркия мен Сирияның шекарасында телефонның және Интернеттің көмегімен Қазақстандағы өзімен діндес азаматтан қару-жарақ сатып алуға қажетті қаржы беріп жіберуді сұрайды. 

"2013 жылдың 12 сәуірінде ол Е. деген азаматқа Түркияда тұрғанын және Сириядағы "Шам жеріне" - дінсіздерге, яғни Сирия Араб Республикасының үкіметтік күштеріне қарсы дін үшін болатын соғыс әрекеттеріне қатысқалы жатқанын хабарлайды. Қару сатып алып, Сирияға бару үшін ол карта есепшотына 500 АҚШ долларын аударуды сұрайды. Құпияның жария болуынан сақтанып, хабар алысқан кезде автомат қаруын "құрал" деп атайды да, алысқан хабарларды өшіріп тастауды ескертеді", - делінген прокуратураның хабарламасында. 

2013 жылдың мамыр айының ортасында Е. бір азаматқа хабарласады, ол өз сеніміндегі адамдардан қару-жарақ сатып алуға 15 мың теңге жинаған. Е. ол ақшаның үстіне тағы 9 мың теңге қосып, Сириядағы қазақстандықтың есепшотына 24 мың теңге аударады. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде павлодарлық қолға түсті. 

Сот оны конституциялық құрылым негіздеріне, мемлекеттің қауіпсіздігіне, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс жасауға айыпты деп танып, ҚР ҚК 233-3-бабының 1-бөлігі ("Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге немесе экстремизмге басқалай жәрдем беру") бойынша үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. 

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда терроризмді насихаттағаны үшін төрт адамның сотталғаны хабарланған еді. Ер адамдар жастарды қарулы жиһадқа үгіттеген. Олардың бірі алты, бірі төрт және екеуі 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның алдында Сириядағы соғысқа қатысқаны үшін Екібастұздың төрт тұрғыны сотталды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети