Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.56
EUR / KZT - 374.46
CNY / KZT - 48.08
RUB / KZT - 5.51

Сирияға баруға үгіттеген қазақстандық сырттай тұтқындалды

30 Қаңтар 2014, 15:23
0
©REUTERS
©REUTERS
Ақмола облысының тұрғыны азаматтарды Сириядағы соғысқа баруға үгіттегені үшін сырттай тұтқындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құқық қорғау органдары елде діни экстремизм көріністеріне жол бермеуге ерекше көңіл бөліп отыр. Соған байланысты олар мұндай жайттар анықталған жағдайда дер кезінде әрекет етуге бейімделді. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде әлеуметтік желілерден Қазақстан азаматтарын Сириядағы соғысқа қарулы түрде қатысуға шақыру дерегі анықталды. Бұл дерек бойынша Жансейітов деген азаматқа қатысты "Терроризмді немесе экстремизмге үгіттеу және көпшілікті террористік акті жасауға шақыру" бабымен қылмыстық іс қозғалып, оған тұтқындау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

Лаңкестікті насихаттаған ер адам әзірше сырттай тұтқындалып отыр. Еске сала кетейік, Сирияда екі жылдан астам уақыттан бері соғыс жалғасып жатыр. Үкіметтік әскери жасақтар мен оппозицияның қарулы топтары арасында текетірестің бітетін түрі жоқ. Соғысқа шетелдік радикал күштер де араласып отыр. Елдің бас мүфтиінің мәліметінше, үкіметтік жасақтарға қарсы 83 мемлекеттен келген 100 мыңнан астам жалдамалы содыр соғысуда. Қақтығыстың салдарынан 115 мыңдай адам қаза тапты.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай