06 тамыз 2020 17:52

"СҚО-да маньяк пайда болды" - полицейлер хабарламаға түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © usolie.info Көрнекі сурет © usolie.info

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері аймақта маньяк пайда болды деген хабарламаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері аймақта маньяк пайда болды деген хабарламаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

WhatsApp мессенджерінде "маньяктың" суреті мен хабарлама тараған. 

"Сақ болыңыздар! Мамлютка қаласында, жұмысшы кентінде маньяк пайда болыпты, кешкілікте өз құрбанын аңдиды. 2020 жылы 30 шілдеде бойжеткеннің соңынан қуған, абырой болғанда, қашып құтылған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - делінген хабарламада. 

Жалған ақпарат аудандық полиция қызметкерлерімен интернет-кеңістікті мониторингілеу барысында анықталды. Тәртіп сақшылары хабарламаның авторын анықтады, ол аудан орталығының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Мамлютка қаласында тұратын 1982 жылы туған танысының суреті бар жалған ақпаратты оны ұнатпайтындықтан таратқан. 3 тамызда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы 2-бөлігі "Жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Нәтижесінде жәбірленуші талап-арызынан бас тартып, өз жерлесімен татуласуға келісті.

"Құқық бұзушының 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазасына тағайындалғанын атап өткен жөн. Заңнамамен жеке тұлғаларға жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін дәл осындай жаза көзделген. Абырой болғанда халық арасында үрей туындамады. Жалған ақпараттың таралуы анықталғаннан кейін 2-3 сағаттың ішінде жоққа шығаратын мәлімет дайындалып, аудандық полиция бөлімінің 20 қызметкері WhatsApp мессенджерінде тіркелген аудан орталығының барлық тобына көрінеу жалған ақпаратты таратпау туралы өтініш жариялады", - дейді Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети