12 наурыз 2021 10:47

СҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивист ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Online47 Фото: © Online47

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивисті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивисті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысының 39 жастағы тұрғыны тонау әрекеті үшін сотталып, оған бас бостандығын шектеу жазасы кесілген. Сотталушы жазасын өтемей, ізін суытқан. Ақпан соңында оған Рудный қаласының полиция бөлімі мемлекетаралық іздеу жариялады.

Қылмыскер Петропавл қаласынан болғандықтан Солтүстік Қазақстан полицейлері қылмыскердің жүруі мүмкін жерлерді тексерді. Жедел-іздестіру шаралары барысында сотталушының жүрген жері анықталды. Ер адам танысының үйінде жасырынған. Қазіргі уақытта қылмыскер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Іздеудегі адам түрлі қылмыс жасап, бірнеше рет істі болған. ҚР ҚК-ның 44-бабы "Бас бостандығын шектеу" жазасына ауыстырылады", - деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Жыл басынан бері өңірде төрт қылмыскерге іздеу жарияланып, оның екеуі ұсталған. Криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан өңірлерінен және Ресей аумағынан үш қылмыскерді ұстады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети