11 желтоқсан 2019 09:35

СҚО экс-әкімінің ағасы 500 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Серік Біләловтің інісінің жемқорлыққа қатысы бар болуы мүмкін. Өңірдегі ең ірі құс фабрикасының директоры Ерік Біләлов пен оның бас есепшісі мемлекеттен субсидия ретінде бөлінген 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Облыстағы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жылына шамамен 100 миллион жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын тексергеннен кейін бірден оның басшысы Ерік Сұлтанғазыұлы мен бас есепшісі күдікке ілінді. Олар қазына қаржысын талан-таражға салған көрінеді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ерік Біләловтің екі ағасы да жоғары лауазымды шенеунік болған. Мәселен, Серік Біләлов еңбек жолын осы құс фабрикасында зоотехник болып бастап, кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі лауазымына дейін көтерілді. Өңірді алты жыл басқарып, Сенатта да депутат болды. Ал генерал Берік Біләлов бұған дейін Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

"Сомасы 534 миллион теңге. Субсидия ақшасын жымқыру фактісі бар. Бірақ күдіктілер қамауға алынған жоқ. Оларға айып та тағылған жоқ. Соталды тергеу амалдарынан кейін істің анық-қанығы белгілі болады", - деді СҚО Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Рахым Мақажанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети