29 тамыз 2014 13:22

СҚО қаржы полициясы басшысын өлтіруге тапсырыс Мәскеуден түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы басшысын өлтіруге тапсырыс Мәскеуден түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, тапсырысты орындаушылар қателесіп, СҚО қаржы полициясы бастығының орынбасарын өлтірген болатын.


Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы басшысын өлтіруге тапсырыс Мәскеуден түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, тапсырысты орындаушылар қателесіп, СҚО қаржы полициясы бастығының орынбасарын өлтірген болатын.

Бүгін, 29 тамыз күні Петропавлда бұл іс бойынша сот тыңдауы басталды. Айыпталушылар орнында үш адам бар - Ресейдің екі азаматы - Жамалиев пен Ковалев және қазақстандық Хукиев. Тапсырыс беруші әзірше анықталған жоқ. Сотта айыптау тарапы өкілі күдіктілердің өз жұмысы үшін 100 мың доллар алғанын айтты. 

Оның мәліметінше, айыпталушылар Петропавлда 2013 жылдың шілдесінен бастап пәтерді жалға алып тұрған. Содан бастап Жандос Ахметовті аңдумен болған. Қылмыстық іс бойынша сегіз куәгер жауап беріп жатыр. Марқұмның әкесі тыңдау барысында айыпталушыларға өмір бойғы жаза беруді сұрады. Айта кетейік, ұсталғандарға "Қаруды заңсыз алу және сақтау", "Топ болып жалданып қасақана кісі өлтіру", "Кісі өлтіру мақсатымен шабуылдау" баптары бойынша айып тағылып отыр. Айыпталушылар өз кінәсін ішінара мойындады.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысы қаржы полициясы бастығының міндетін атқарушы Жандос Ахметовті 2013 жылдың 24 желтоқсанында Петропавлда өз үйінің подъезінде өлтіріп кеткен еді. Майорға алты рет оқ атылған, қаскөйлер өлгеніне көз жеткізу үшін оны бір рет басынан атқан. 41 жастағы Жандос Ахметов - киллер қателігінің құрбаны. Тапсырыс беруші о баста СҚО қаржы полициясы басшысын өлтіруді ойластырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети