12 тамыз 2014 20:02

Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері қаржы қымқырғаны үшін сотталуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

 @tengrinews.kz @tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктерін бірнеше млрд теңгені қымқырқағаны үшін соттауда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктерін бірнеше млрд теңгені қымқырқағаны үшін соттауда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мәлім болғандай, сот алдында Петропавл қалалық әкімдігінің қызметкерлері жауапқа тартылуда. Тергеу мәліметтері көрсетіп отырғандай, олар қала базарларында сауда жасайтын кәсіпкерлерден бірреттік талон бойынша салық жинаған.

Ал бюджетке жиналған қаражаттың жартысына жетпейтін сома аударылып отырған. Қазіргі уақытта сот қылмыстық істі өндіріске қабылдау мәселесін шешуде, кейін істі тыңдау күні белгілі болады. 

Осылайша "Петропавл қаласы әкімдігінің жергілікті салық жинау бөлімі" ММ қызметкерлері ұйымдасқан құрамда қызметтік жағдайды пайдаланып, ірі мөлшердегі сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп, ысырап еткені үшін айыпталуда.

Айыптау қорытындысына сүйенсек, 2007-2011 жылдар аралығында айыпталушылар жымқырған қаражат 1, 069,2 млрд теңгеден асып жығылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети