ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2021 | 12:33
Сот банктің алматылық атқыштың әйеліне қатысты талабын қабылдамады
Сот банк талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. Банк алматылық атқыш Игорь Дужновтың отбасының мүлкін пайдалануға кедергі жасамауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сот банк талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. Банк алматылық атқыш Игорь Дужновтың отбасының мүлкін пайдалануға кедергі жасамауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, бұған дейін банк Дужновтың әйелі Анаид Демирчянның кепілге қойылған мүлікін аукционда жеңіп алған. Оған жер телімі бар тұрғын емес үй-жай тиесілі. Биылғы жылдың 30 сәуірінде банк бұл нысанға меншік құқығын тіркегені айтылды.
"Демирчян іс жүзінде және заңды түрде даулы мүлік иесі болмаса да, оған талап қойылған. Сонымен қатар, Демирчян банкке меншік иесі ретінде тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға кедергі келтіретіні туралы сотқа ешқандай дәлел келтірілмеген", - деді аудандық соттың баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, сот мүлікті төрт жеке тұлға жалға алғанын анықтады. Бұрынғы иесі Демирчян мүлікті үшінші тұлғаларға жалға бергені айтылды.
"Сонымен қатар, жалға беру шарттары банк тарапынан дауланбады, олар Демирчянмен банк меншік құқығын тіркегенге дейін, яғни заңды түрде ұзақ мерзімге, дәлірек айтсақ, 12 айға жасалған.
Осыны ескере отырып, шешім қабылдау кезінде сот талапкердің талабы орынсыз, яғни дұрыс жолды таңдамаған деген қорытындыға келді. Шағым қабылданбады. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және оған тараптар шағым жасай алады", - деп қорытындылады сот.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.
Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
Алматыдағы атыс: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Кейін полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кейін үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также