Сот Бигелді Ғабдуллинге қатысты істі тоқтату туралы өтінішті қанағаттандырмады

11 Қаңтар 2017, 17:30
0
Сот Бигелді Ғабдуллинге қатысты істі тоқтату туралы өтінішті қанағаттандырмады - Бигелді Ғабдуллин. ©Жұлдыз Сейсенбекова
Бигелді Ғабдуллин. ©Жұлдыз Сейсенбекова

Сот Бигелді Ғабдуллинге қатысты істі тоқтату туралы өтінішті қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2017 жылдың 11 қаңтарында қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында бопсалау ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтті.

Бұл істе CentralAsiaMonitor редакторы және Radiotochka.kz басылымының директоры Бигелді Ғабдуллин сотталушы ретінде қатысып отыр. Алдын ала сот отырысында адвокат соттан Ғабдуллинді қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған.

Айта кетейік, соталды тергеу барысында Ғабдуллин өз кінәсін толықтай мойындап, ісіне өкінетінін мәлімдеген. Сонымен қатар, ол жәбірленген азаматтарға 20 миллион 625 мың теңге көлеміндегі шығынды өтеп берген. Бүгін сотта адвокаты Аманжол Мухамедияров осы деректерді келтіре отырып, Ғабдуллинді қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған еді. 

Еске салайық, Бигелді Ғабдуллин меморгандардан қаражат бопсалады деген күдікпен ұсталған болатын. "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" басылымдарының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу кезінде Ғабдуллиннің өз бақылауындағы "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты абыройын түсіру және жағымсыз материалдар жариялау жолымен ақпараттық шабуылды үдеткені анықталды", - делінген еді хабарламада. 

Кейін, 16 қарашада Астана қаласының Алматы аудандық № 2 сотының шешімімен Бигелді Ғабдуллин қамалған болатын.

Ұлттық бюроның мәліметінше, Ғабдуллин осыдан кейін сынды азайту үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған. Олар, өз кезегінде Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алулар туралы келіссөздерге қол қойылуын қамтамасыз еткен. Осыдан кейін, БАҚ-тарда олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жариялана бастаған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінде Ғабдуллин бюджет қаражатынан 10 миллион теңге бопсалаған. Осыған ұқсас жолмен Ғабдуллин 7 мемлекеттік органнан мемлекеттік тапсырыс алған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай