Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Сот орындаушылар 1 миллиард теңгеден аса қаржы жымқырған - Бас прокуратура 02 желтоқсан 2022, 10:08

Бас прокуратура жеке сот орындаушыларының қылмыстық схемаларын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Бас прокуратура жеке сот орындаушыларының қылмыстық схемаларын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура органдары жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасымен бірлесіп жеке сот орындаушыларының (ЖСО) 2021-2022 жылдары борышкерлерден өндіріп алынған ақшалай қаражатты уақтылы және толық аударуына тексеру жүргізген.

"Алматы қаласында, СҚО, Қарағанды, Павлодар, БҚО және Ақмола облыстарында жүргізілген тексерулер ЖСО өндіріп алушылардың шоттарына аударуға жататын 1,1 миллиард теңге мөлшерінде ақша ұрлаудың 660 фактісін анықтады.

Мәселен, елордалық ЖСО алимент бойынша жоқ қарызды әдейі анықтап, сот үкімімен мемлекеттің пайдасына тәркіленуге жататын 289 миллион теңгені жеке тұлғаның банктік шотынан шешіп алған", - делінген хабарламада.

Ресми деректер бойынша, ол бұл қаражатты Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінің бұрынғы бастығына аударған. Осы қызметі үшін ЖСО 10 миллион теңге ұстап қалған.

Алматылық ЖСО жыл бойы борышкерлердің қаражаты есебінен өзінің банктік депозитін жалпы сомасы 84 миллион теңгеге 18 рет толықтырған. Нәтижесінде ол пайыз түрінде 2 миллион теңге табыс тапқан.

Осыған ұқсас ЖСО өз депозитіне 13,6 миллион теңге аударып, шамамен 5 миллион теңгеге жуық сыйақы алған", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура мәліметінше, қарағандылық 7 ЖСО борышкерлердің 110 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Басқа жағдайда, алматылық ЖСО "Жанұя" балалар үйінің тәрбиеленушісі кәмелетке толмаған Болгамбаеваға арналған 400 мың теңгені жеке мақсаттында пайдаланған. Павлодарда ЖСО 3 жыл бойы 520 мың теңгеге екі баланың алимент қаражатын ұрлап отырған. Кейбір ЖСО-лар өндіріп алушылардың ақшаларын басшылардың шығындарын жабу үшін пайдаланған. Батыс Қазақстан облысында ЖСО өңірлік палатаның басшысына және оның орынбасарына 1 миллион теңге аударған. Олардың басқа әріптестері әйелдері мен туыстарына 4,7 миллион теңге бөлген", - дейді мамандар.

Ақша қаражатын ұрлау мен ысырап етудің анықталған фактілері бойынша соталды 16 тергеу басталғаны айтылды. Сондай-ақ, қадағалау актісі бойынша 7 ЖСО лицензиясы алынған, 2 лицензия тоқтатылып, 55 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram