03 тамыз 2021 08:29

Сот Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаровты кепілмен босатудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram / almas_abdygapparov Фото: Instagram / almas_abdygapparov

Алматы қалалық сотында белгілі кәсіпкер, Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаровты екі айға қамауға алған тергеу сотының шешіміне қатысты өтініш қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық сотында белгілі кәсіпкер, Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаровты екі айға қамауға алған тергеу сотының шешіміне қатысты өтініш қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкердің қорғаушысы Әбдіғаппаровты кепілмен босатуды сұрады. Жалпы алғанда, процесс бір жарым сағатқа созылды. Оның қорытындысында судья Батыров Әбдіғаппаровты тұтқында қалдыру туралы қаулыны өзгеріссіз қалдырды, деді бизнесменнің адвокаты Анар Құсайынова.

"Қалалық соттың судьясы Батыров өз шешімін Алмас Әбдіғаппаров жәбірленуші тарапқа қысым көрсетуі мүмкін деп негіздеді. Сонымен қатар, қорғаушы Оралбай Әлімжан сотқа, егер тергеу соты оны анықтамаса да, бұл тұжырымдардың негізі неде деген сұрақ қойды: тергеу судьясы Жарылғасованың қаулысында бұл туралы сөз жоқ. Тиісінше, біз қалалық сотта ешкімнен жауап алған жоқпыз, ешкім мұндай дәлелдер келтірмеді, оның үстіне апелляцияға жәбірленушінің өзі емес, өкілі қатысқанын ескерсек. Ол Алмас Әбдіғаппаров тарапынан тіпті виртуал қауіп бар екенін айтқан жоқ", - деді Анар Құсайынова.

"Бұл судья Батыровтың Алмас Әбдіғаппаров қамауда болуы керек деген шешіміне жалғыз негіздемесі осы болды. Біржақты әрі ойға қонымсыз", - деп мәлімдеді Анар Құсайынова.

Еске салайық, кәсіпкер екі ай мерзімге қамауға алынған. Оған 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында көзделген "Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету" бойынша айып тағылған. Оның ұсталуын қалалық соттағылар 27 шілдеде растаған.

Айта кетейік, 26 шілдеде кешке бизнесменнің жұбайы Ольга Әбдіғаппарова адвокатпен бірге арнайы баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Ол күйеуі қамауға алынғанға дейін болған оқиғалардың егжей-тегжейін айтып берді.

"Бәрі Алмас екеуміз демалысқа ұшқаннан кейін басталды. Ұшақ қонған кезде Алмас Әбдіғаппаров "Ава констракшен" компаниясынан жұмыстан шығарылды. Осыдан кейін менің компаниямда рұқсатсыз жарықты сөндірді... Біз тұрған үйде де, тіпті түнде жарық болмады. Жалпы, өте таңғаларлық жағдайлар болды. Сенбіде түстен кейін (24 шілде) Алмас ұсталды. Біз екеуміз көлікте болғанбыз", - деді әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети