Сот залында өз әйелін 30 рет пышақтап өлтірген қостанайлыққа үкім шықты

19 Мамыр 2017, 11:22
0
Сот залында өз әйелін 30 рет пышақтап өлтірген қостанайлыққа үкім шықты - © Sputnik Узбекистан
© Sputnik Узбекистан

Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген 32 жастағы Жұматұлы Бекібаевқа қатысты үкім (ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының, 2-бөлігі, 5-тармағы) шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың үкімімен Бекібаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот сотталушыдан зардап шеккен тараптың пайдасына 1 миллион 1000 мың теңге және моральдық залал ретінде 2 миллион теңге өндіріп алды. Сонымен қатар, сот облыстық білім басқармасына жұмысқа сотты болған адамды алуына байланысты үкім шығарды. Осы оқиғаға дейін сотталушы ауылдағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Айта кетейік, кәмелетке толмаған бала қазіргі уақытта зардап шеккен тараптың ата-анасының қамқорлығында. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін сот залында өз әйелін пышақтап өлтірген ер адамның мектеп мұғалімі болып шыққаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша, өз әйелін пышақтаған ер адам Арқалық мемлекеттік институтын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады екен. Қаза тапқан әйел 30 рет пышақталған еді.

Қайғылы оқиға 28 ақпанда Амангелді аудандық сотының ғимаратында болған. Полицейлердің мәліметінше, олар ажыраспақшы болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай