Сотта Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін отырыс барысында Bau мейрамханасында Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған сәті түсірілген видео көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін отырыс барысында Bau мейрамханасында Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған сәті түсірілген видео көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы барысында қылмыс болған Bau мейрамханасының бейнебақылау камерасы көрсетілді.

"Сағат 7:17-де Бишімбаев Нүкеновамен бірге лифтте екінші қабатқа көтеріліп, лифттен шыққан кезде Бишімбаев Нүкенованың басынан бірнеше рет ұрып, кейін ол жерге құлайды, Бишімбаев әрі қарай оны жамбасы мен саны аймағына бірнеше рет тебеді. Содан кейін ол оны шашынан ұстап тұрғызып, қайтадан қолымен басынан ұрады. Және тағы да соғады. Ол қайтадан құлайды. Сосын оны шашынан көтеріп, бірінші кабинаға қарай сүйрейді. Одан кейін таңғы сағат 08:08-де Бишімбаев кеудесі жалаң күйде кабинадан шығып, бардан алкоголь алып, қайта оралады. Сағат 09:27-де Бишімбаев кеудесі жалаң күйде тағы да ортаңғы залға шығып, бір минуттың ішінде қайтып оралады. Сағат 09:58-де Байжанов мейрамханаға келді", - деп прокурор Айжан Аймағанова қылмыстық іс материалдарындағы видео сипаттамасын жариялады.

Назар аударыңыз, видеода зорлық-зомбылық кадрлары бар.

Бұған дейін Бишімбаев сотта Нүкенованы қалай ұрғанын айтып берді. Ал Бишімбаев оның беті көгергенін көргенде "көріпкелге" хабарласқанын айтады.

Еске салайық, бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Айғақ беру кезінде экс-министрдің қорғаушысына сот пен процеске қатысушыларды жаңылыстырғаны үшін ескерту жасалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer