02 маусым 2023 09:21

Сотта жылап жіберді: Ақтөбе облысында әкімдік қызметкерін өлтірген ер адамға үкім шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ақтөбеде облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты. 29 жастағы азамат кінәсін бірден мойындап, қылмысқа қалай істегенін ескерген, сот бүгін оған 11 жыл жаза кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға осыдан үш ай бұрын болған. 46 жастағы әйелмен сотталушы "бойдақпын" деп танысқан. Осылайша, екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып кездеседі. Соңғы кездесуінде марқұм ер адамның отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған.

Осыған ашуланған 29 жастағы ер адам тартпада жатқан пышағын алып, әйелді 35 рет пышақтаған. Мәйітті жүксалғышқа салып алып, екі күн бойы жүрген. Ал қылмысқа әйелінен көңілдесін жасыру үшін барғанын айтты.

Сотталушы 11 жыл жаза кесілгенде жылап та жіберген. Ал марқұмның туыстары бұл жеңіл жаза деп отыр.

"Бұл жерде азаптау, қинау болмаған. Ол ешқандай іс материалдарымен дәлелденбеді. Іс бойынша қарап отырсақ, ол кісінің ойына бірден өлтіру келіп, сол жерде өлтіріп тастаған. 35 жерден жарақат алған", - деді судья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети