24 желтоқсан 2019 13:28

Сотталған адамға тыйым салынған заттарды кіргізуге рұқсат берген шенді жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемесінің отряд басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемесінің отряд басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті деп танылған Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қостанай қаласы 161/2 Комитет басқармасы мекемесінің отряд басшысы әділет майоры А. Айытовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол сотталған адамға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізгені үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған.

Биыл 23 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен А.А. Айытовқа 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айытов мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына және "әділет майоры" арнайы атағынан айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети