09 желтоқсан 2021 12:07

Сотталушы колония қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін "Қара бүркітке" жіберіледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда сот сотталушыға колония қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін төтенше қауіпсіздік колониясында жазасын өтеу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда сот сотталушыға колония қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін төтенше қауіпсіздік колониясында жазасын өтеу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға биыл қаңтарда Қостанайдағы "УК-161/2 мекемесі" РММ қатаң режимдегі колонияның тігін цехында болған. Колония қызметкері сотталушы әрі бригадир болып жұмыс істеген Александр Рубчиковке тәртіпсіздік жасағаны үшін ескерту жасаған. Іс материалдарына сәйкес сотталушы балғамен сотталғандардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығының денесі мен басына бірнеше жарақат салғаны белгілі болды. Прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, бірақ сот одан аз тағайындады, сотталушы енді жазасын қатаң жағдайда өтейді.

"Сот 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұрынғы жазаларды ескере отырып, төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 8 жыл мерзімін өтеу жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ер адам бұрын зорлау әрекеті үшін үш жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырылған еді. Енді оны "Қара бүркітке" жібереді, онда қауіпті қылмыскерлер, соның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғандар жазасын өтейді. Александр Рябчиковтың сот үкіміне шағымдануға әлі уақыт бар, сондықтан әзірше ол қауіпсіздік мекемесінде болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети