05 тамыз 2021 16:50

Сотталушы колонияда азапталғанын мәлімдеді: ҚАЖК түсінік берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Алматы облысында колония қызметкерлері азаптағанын айтқан сотталушының бейнеүндеуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Алматы облысында колония қызметкерлері азаптағанын айтқан сотталушының бейнеүндеуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл үндеуде сотталушы колония қызметкерлері азаптағаны туралы мәлімдеді. Оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталды, ҚАЖ департаментінің өкілдері мекемеге кетті. Тексеріске қоғамдық-бақылау комиссиясының және ұлттық-алдын алу тетігінің мүшелері қатысады.

Жазасын өтеуші бұрын бірнеше рет, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі, 106, 287, 122-баптары бойынша сотталған. Қазіргі уақытта ол 293-бабтың 3-бөлігі 2-тармағы ("Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау"), 187-бабтың 1-бөлігі ("Ұсақ ұрлық") және 106-бабтың 2-бөлігі ("Екі және одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотталған", - деді ҚАЖК өкілі.

Ведомство мәліметінше, қазір жеке құрамның сотталғандармен тәртіп бұзу жағдайында және әкімшіліктің заңды талаптарына бағынбауына байланысты жұмыс жүргізуі бейнежазбаға түсіріледі.

"Тәртіп бұзудың дәлелді базасын қалыптастыруды прокуратура органдары бақылайды. Деректер соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне және ақпаратты есепке алу кітабына тіркелген. Қазіргі уақытта материалдар объективті тергеу жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.

ІІМ ҚАЖК бас бостандығынан айыру орындарында қызметкерлер тарапынан да, сотталғандар тарапынан да заңбұзушылықтар қатаң қаралады. ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті сотталғандарды ұстау режимі мен жағдайларына қатысты қатаң қағидаттарды ұстанады. Сотталғандар қылмыстары үшін жазасын қатаң түрде сот шешіміне сәйкес өтеуі тиіс", - деді комитет өкілі.

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілерге қатысты сотталғандар тарапынан да, ҚАЖ қызметкерлері тарапынан да кез келген моральдық немесе физикалық қысым қолданыстағы заңнамаға сәйкес қудаланады.

"Мұндай дәлелдерді мүдделі емес қызметтер зерттейді, әрбір факт бойынша жүргізілетін тексерулер туралы ақпарат қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарына қатаң сәйкестікте құқық қорғау ұйымдарының өкілдеріне қолжетімді.

ЛА-155/8 ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде тұтықындардың 96 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтейді. Әдетте, сотталғандардың интернет-өтініштерінің едәуір бөлігі демонстрациялық-бопсалу сипатына ие. Кейбір жағдайларда мұндай мінез-құлық мекеме әкімшілігінің заңды талаптарын орындау үшін жауапкершіліктен жалтарудың бір әдісі саналады", - деді ҚАЖК өкілі.

Бұған дейін Заречный кентіндегі колонияда отырған 42 жастағы сотталушы туыстарына бейнеүндеу жазып, онда полиция мен ұлттық гвардия қызметкерлері тұтқындарды қорлады деп мәлімдеген болатын.

Баекеев денесіндегі ұрып-соғудың іздерін көрсетіп, бұны жасаған бақылаушылар екенін айтқан. Тұтқынның әпкесінің айтуынша, оған ағасымен кездесуге рұқсат бермеген және оны бопсалай бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети