СҚО тұрғындарынан әкімдік қызметкеріміз деп 100 миллион теңге алған алаяқтар сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО тұрғындарынан әкімдік қызметкеріміз деп 100 миллион теңге алған алаяқтар сотталды Петропавл қалалық сотының судьясы Алмас Жұмағазин үкімді оқып жатыр

Петропавлда 94 миллион теңгені алаяқтық жолмен тапқандарға қатысты үкім шықты. Әкімдік қызметкеріміз деп елді алдаған алаяқтар 6, 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда 94 миллион теңгені алаяқтық жолмен тапқандарға қатысты үкім шықты. Әкімдік қызметкеріміз деп елді алдаған алаяқтар 6, 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық топқа Солтүстік Қазақстан облысының тумалары болып келетін үш әйел адам кірген. Олар Петропавл тұрғындарына кезекке тұрмай-ақ және төмен бағамен мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуды ұсынған. Алдымен Петропавлда, кейін ел астанасынан пәтерлер алуға болатынын айтқан, ал бұған олардың қалалық әкімдіктердегі қызметі кепіл болады деп сендірген. Көмегі үшін 4 000-нан 50 000 долларға дейін сұраған. Күткендеріне жете алмаған тұрғындар полицияға шағымданған. 

2015 жылы полиция 28 жастағы Альфия Жүкенованы ұстаған. Ол СҚО тумасы, екі баласы бар жалғызбасты ана. Орта білімді, жеке кәсіпкер болып істеген. Ол үш сотталушының ішінде кінәсін мойындаған жалғыз адам. Ол 6 жыл 6 айға кесілді. Ең қатаң жазаны бірнеше рет алаяқтық жасаған 60 жастағы Сара Тайжанова алды. Қылмыстық топтың үшінші мүшесі Оксана Войдило 7 жылға сотталды. Сонымен бірге оның Аққайың ауданындағы салынып жатқан үйі мен жер телімі тәркіленді. 

Тәркілеу кезінде сотталушылардың банктік есеп шоттарында тек бірнеше жүз теңге ғана болған. 

Іс бойынша 23 адам зардап шекті. Олар алаяқтарға жалпы көлемде 94 миллион теңге берген. Азаматтар өз қаржысын сотқа арыз бергеннен кейін ғана қайтара алады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети