1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

"Сусын алып беріп, аяғына отырғызды". Шымкентте ер адам педофил болуы мүмкін деген күдікке ілінді14 тамыз 2020, 09:50

Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Шымкент тұрғыны оның үйінің ауласына белгісіз ер адам кішкентай қыздарға қарау үшін келгенін мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, ер адам балаларға сусын алып берген, аяғына отырғызған және бейәдеп қылықтар жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әйелдің сол ер адам туралы айтып тұрған видеосы тарады. 

"08.08.2020 жылы сағат 18.00-де, 18-19.00 ортасында бір бөтен ер кісі келіп, менің қызыма және көршілердің қызына бір сағаттай жүріп, салманың жанынан шығып, киімдерін мына жеріне шейін (тізесіне дейін) шешіп, менің қызыма қарап, уқалап тұрған. Сосын қызым үйге жүгіріп жылап келгеннен кейін мен сыртқа шығып, 102-ге звондадым", - деді әйел.

Полициядағылар ер адамды зорлық жасамады деген.

"Олар маған былай айтты: "Сенің қызыңды көрмегеннен кейін, зорламағаннан кейін неғыласыз басыңызды ауыртып"... Ол кісі екі-үш күн бұрын қыздарға су, сок-пок әперген екен. Соны көрген көрші жігіт ұрып, қуып жіберген", - деп қосты ол.

Шымкент Полиция департаментіндегілер бұл факт бойынша ҚК 124-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүріп жатқанын айтты.

Сондай-ақ әйел Полиция департаментіне өзін видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген жігіттерді жауапқа тартуын сұрап, шағымданған. Бұл фактібойынша ҚК 274-бабы 2 бөлігі 1, 3-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!