09 желтоқсан 2021 11:51

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының сипаты күрделі бола түсті - Антикор басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлық схемалары неғұрлым күрделі, жетілген және жүйелі бола түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлық схемалары неғұрлым күрделі, жетілген және жүйелі бола түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ахметжановтың айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының сипаты өзгерді.

"Енді сыбайлас жемқорлық схемалары күрделі және жүйелі бола түсті. Басқаша айтқанда, бюрократиялық кедергілер әдейі жасалады, ережелер заңсыз баю мақсатында күрделене түседі. Бұл ретте лауазымды тұлғалардың функционал міндеттерінде жауапкершілікті нақтылайтын тұстар пайда болған. Осылайша, адам пара алуға мәжбүр болған кезде жасанды түрде жағдай жасалады. Кейбір жағдайларда жеке азаматтарға өз мәселесін шешу оңайырақ. Өкінішке қарай, бұл әдетке, нормаға айналады", - деді Ахметжанов ОКҚ брифингінде.

Статистикалық мәліметке тоқталған ведомство басшысы 2015 жылы "пара беру" бабы бойынша деректер тіркелген қылмыстардың 10 пайызы ғана болса, биыл бұл көрсеткіш үштен бірін құрап отырғанын атап өтті.

"Яғни, адамдар саналы түрде шенеуніктерге пара беруге барады. Көбінесе әртүрлі рұқсаттарды, мемлекеттік қызметтерді, мемлекеттік сатып алулардағы жеңістерді және басқаларды алу үшін. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бүкіл жүйесін қайта форматтау талап етіледі. Қазір қолданыстағы салалық заң күресті емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды мақсат етіп отыр. Сондықтан біз салдармен күрестен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және қылмыстық схемаларды ашуға көшеміз", - деді Антикор басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети