30 шілде 2020 17:21

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алтынкөл станциясы басшысына қатысты іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ Алтынкөл станциясының басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ Алтынкөл станциясының басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ Алтынкөл станциясының бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өзінің қол астындағы қызметкері - жүк бөлімінен ЖШС экспедиторлық компаниясының директоры арқылы ҚХР-дан келетін төрт вагонды тез уақытта шығарып бергені үшін мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

2019 жылы Алтынкөл станциясының бұрынғы басшысы бірнеше рет пара алғаны үшін жеті жылға сотталған болатын.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети