Шымкентте әйелді екі баласымен бірге өлтіріп кеткен: Оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте әйелді екі баласымен бірге өлтіріп кеткен: Оқиғаның мән-жайы анықталды © TVK

Шымкентте үш адамды өлтірді деген күдікті Тараз қаласындағы теміржол вокзалынан ұсталды. Бұл туралы TVK телеарнасы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үш адамды өлтірді деген күдікті Тараз қаласындағы теміржол вокзалынан ұсталды. Бұл туралы TVK телеарнасы өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Еске сала кетейік, Шымкенттің Абай ауданындағы Жарқымбеков көшесінде орналасқан жер үйлердің бірінде белгісіз ер адам 1965 жылғы әйелді және оның 22 және 13 жастағы ұлдарын өлтіріп кеткен болатын. Олардың денелері 8 ақпанда кешкі уақытта табылды.

Телеарнаның мәліметінше, күдікті 10 ақпанда ұсталып, 11 ақпанда Шымкентке жеткізілді. 1991 жылғы ер адам осыған дейін Шымкентте тұрған, жақында ғана Таразға көшіп кеткен екен.

"Ол әйелдің тұңғыш ұлымен таныс болатын, екеуі Dota ойнайтын. Күдіктінің айтуынша, жақында ол сол жігітпен бірге дүкеннен қымбат компьютерлік процессор алған. Кеціннен процессорды ұрлап кету үшін досының үйіне барған. Қылмыс жасамастан бұрын үйді аңдып жүргенін мойындады. Куәгерлер де мұны растап отыр. Үйде ешкімнің жоқ екеніне көзі жеткен соң ол үйге қақпадан секіріп түскен. Бірақ үйде досының анасы болған. Оны кастетпен өлтірген. Осы сәтте үйге бірге Dota ойнап жүрген досы келіп қалады. Оны үстелдің аяғымен ұрып өлтірген. Ал үйдің кенжесі 13 жастағы баланы да аямай, қылғындырған", - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети