09 ақпан 2018 14:15

Шымкентте әйел мен екі баласының денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте белгісіз біреулер үш адамды өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды TVK.


Шымкентте белгісіз біреулер үш адамды өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды TVK.

Оқиға 8 ақпанда болған. Телеарнаның мәліметінше, қылмыс қаладағы ескі ықшамаудандардың бірінде жасалған.

"Полицейлер үйден әйел мен оның екі ұлының денесін тапты. Әйелдің 1965 жылғы екені, ал ұлдарының 1995 және 2005 жылғы екенін анықталды. Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Видеобақылау камерасында жазбалар зерттеліп, тексеріс жүргізіліп жатыр", - дейді телеарнадағылар.

"Бұл туралы бізге учаскелік полицей айтты, бірдеңе көрдік пе - соны сұрады. Бірақ мен ештеңе көрмедім. Мұнда әйел балаларымен бірге тұратын. Кейде кездесіп қалатынбыз, үнемі амандасатынбыз", - дейді көршілердің бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети