Шымкентте атыс қаруын алып жүрген азамат үш жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте атыс қаруын алып жүрген азамат үш жылға сотталды "ТТ" маркалы тапанша. ©wikipedia.org

Шымкент қаласында атыс қаруын заңсыз алып жүрген азаматқа үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында атыс қаруын заңсыз алып жүрген азаматқа үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Төлеміс есімді азамат 2014 жылы 24 желтоқсанда әл-Фараби аудандық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ сот кодекстің 63-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімін белгіледі.

Айта кетейік, сотталған азаматты 2014 жылы 27 қазан күні сағат 22.00-де ұлттық қауіпсіздік қызметінің мамандары Шымкент қаласы, Төреқұлов пен Орынбай көшелерінің қиылысында орналасқан кафеде ұстады. Оны тінту барысында сот-баллистикалық сараптамасының қорытындысы бойынша, атыс қаруына жататын "ТТ" маркалы тапаншасы табылды.

Еске сала кетейік, 2014 жылы желтоқсанда Павлодар қаласының жол-патруль полициясының қызметкерлері Семейдің 37 жастағы тұрғынынан автоматтандырылған тапаншаны тәркілегені хабарланған болатын. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтан алынған қару STEN тапаншасының негізінде қолдан жасалған болып шықты. Мұнымен қатар, бұл қарудың 20 дана оғы тәркіленді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети