21 ақпан 2014 10:52

Табылған мәйіт бойынша Астана дәрігерлеріне қарсы іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" телеарнасының кадры "Астана" телеарнасының кадры

Астанадағы №1 аурухананың ауласынан мәйіттің табылуына байланысты дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында айтты. "Хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарында болған Орынбаевтың мәйітінің табылу дерегі бойынша Астана қаласы ішкі істер департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы - "Медицина жұмысшыларының кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы" бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген ресми жауапта. Еске сала кетейік, 17 ақпан күні коммуналдық мекеме қызметкерлері аурухана терезесінің түбінен бір ай бұрын жоғалып кеткен 44 жастағы Бақытжан Орынбаевтың мәйітін тауып алған еді. Орынбаевтың туыстарының айтуынша, марқұм 19 қаңтар күні қолындағы күйік жарасының асқынуына байланысты ауруханаға жатқызылған. Бірнеше сағаттан соң аурухана қызметкерлері оның туыстарына қоңырау шалып, пациенттің қашып кеткенін айтқан. Дәрігерлердің айтуынша, санитар қыз Орынбаевты лифтке әкелген, лифт есіктері ашылған кезде пациент ізім-ғайым болыпты. Орынбаевтың туыстары осыдан кейін полицияға хабар берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети