09 ақпан 2023 09:17

Талдықорғанда алаяқтар 12 тұрғынды 6,5 миллион теңгеге алдап кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tengrinews.kz Фото: tengrinews.kz

Талдықорған тұрғындарын пәтер алаяқтары 16,5 миллион теңгеге алдап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.


Талдықорған тұрғындарын пәтер алаяқтары 16,5 миллион теңгеге алдап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі екі қала тұрғыны жергілікті тұрғындарға пәтер алуға көмектесеміз деп уәде еткенін хабарлады. Жәбірленушілер ақпаннан бастап полицияға жаппай жүгіне бастаған.

"Күдіктілер қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әзірге 12 жәбірленуші бар, бірақ өтініштер түсіп жатыр. Зардап шеккендер: баспана кезегінде тұрғандар, көпбалалы отбасылар және т.б. Келтірілген шығын көлемі 16,5 миллион теңгеге жуықтады. Бірақ өтініш берушілер санының артқанын ескерсек, бұл сома екі есеге артады деп күтіледі. Істі тергеу облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауында", - деді Жетісу облысы бойынша тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.

Күдіктілер 28 жастағы ер адам мен 33 жастағы әйел. Екеуі де жұмыссыз. Олар жәбірленушілерден "қызметі" үшін 450 000 теңгеден екі миллион теңгеге дейін алған. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети