24 тамыз 2017 16:13

Талдықорғандағы жанармай бекетінде төбелескендер іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Талдықорғандағы жанармай бекеттерінің бірінде болған төбелестің салдарынан үш ер адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорғандағы жанармай бекеттерінің бірінде болған төбелестің салдарынан үш ер адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты полиция төбелеске қатысқан адамдарды іздестіріп жатыр. Бұл оқиға 16 тамызда таңғы уақытта Талдықорғандағы жанармай бекеттерінің бірінде болған. Барлығы видеобақылау камерасына түсірілген. Видеода шамамен 10 ер адам көрінеді.

ІІД өкілдері бұл іске бес адамның бар екенін айтады - зардап шеккен үш ер адам мен екі күдікті. Зардап шеккендердің екеуі сол жанармай бекетінде жұмыс істейді, ал үшіншісі - бірінің бауыры. Ал видеодағы қалған адамдар осы бекеттің жұмысшысы мен келушілер. Олар төбелеске қатыспаған.

Зардап шеккендердің туысы Азиз Әлиев Tengrinews.kz тілшісіне екі бауырының ауруханаға ауыр жағдайда түскенін айтты.

"Біреуінің есінде ештеңе жоқ, оның басынан құбырмен жарған. Дәрігерлердің айтуынша, сол соққы миына қатты тиген. Сондай-ақ, оның қолы сынған. Екінші бауырым да ауыр жағдайда. Ұрып-соғылған, аяқ-қолында жарақаттар көп. Оның айтуынша, бекеттің жұмысшысы мен сонда ақ түсті джиппен келген белгісіз ер адамдардың арасында төбелес басталған", - дейді Азиз Әлиев

Cондай-ақ, Азиздың айтуынша, полицияға арызды зардап шеккендердің анасы жазды. ІІД төбелес болған күні қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Бұл дерек Талдықорғанның ІІБ ресми тіркелді. Сол дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша ("Бұзақылық") тергеу басталды. Зардап шеккендердің екеуі ауруханада болуына байланысты бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") өзгертілуі мүмкін", - деді Алматы облыстық ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет.

ІІД баспасөз қызметіндегілер күдіктілердің анықталғанын айтып өтті.

Қазіргі уақытта полиция өкілдері оларды іздестіріп, ұстауға қатысты шараларды қолданып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети