Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды

Талдықорғанда әкімнің бұрынғы орынбасары Әсет Шаяхметов 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда әкімнің бұрынғы орынбасары Әсет Шаяхметов 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, сот оның мүлкін тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұрынғы жоғарғы лауазымды шенеунікке "Пара алу" және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" баптары бойынша айып тағылған.

Шаяхметов орынбасар қызметінде бір ай ғана уақыт жұмыс істеген. Оған қатысты 32 томдық қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу мәліметінше, ол құрылыс компанияларынан 80 миллион теңге алған. Пара алғандардың есімі жарияланбайды, бірақ олар өз кінәсін мойындады. Шаяхметовтің жазаны максимал қауіпсіз мекемеде өтейтіні айтылады.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетейік, мұның алдында тамызда Әсет Шаяхметовке қатысты соттың басталғаны жайлы хабарланған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети