Талдықорғанда Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысты сот отырысына алқа билерін іріктеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысты сот отырысына алқа билерін іріктеу басталды Бақытбек Есентаев пен Баян Мақсатқызы.

Талдықорғанда Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысты сот отырысына алқа билерін іріктеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысты сот отырысына алқа билерін іріктеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баян Мақсатқызы осы жолы да сот отырысына келмеді. Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, сот отырысы жабық тәртіпте өтіп жатыр.

Ал адвокат Бекболат Жексейітов сот отырысынан кейін алқа билерін іріктеу процесі қалай өткенін айтып беруге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талдықорғандағы сот ғимаратынан.

Еске сала кетейік, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды. 

Ал кейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді. "Командир такси" өкілдері Баян Есентаеваны ұрып-соғу кезінде жүргізушінің әрекетіне түсінік берген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети