Талғарда мүгедек баланы қылғындырып өлтірген тәрбиеші сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда мүгедек баланы қылғындырып өлтірген тәрбиеші сот алдына келді © ktk.kz

Алматы облысында мүгедек баланы өлтірген интернаттың 30 жастағы қызметкері сот алдына келді. Оның кінәсі дәлелденсе, әйел 15 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында мүгедек баланы өлтірген интернаттың 30 жастағы қызметкері сот алдына келді. Оның кінәсі дәлелденсе, әйел 15 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайғылы жағдай наурыз айының соңында болған. Жантүршігерлік оқиға Талғар қаласындағы мүгедек балалар үйінде болған. Түнгі кезекке қалған күтуші жылап қоймаған сегіз жасар баланы төсегінде тұншықтырып, артынша жуынатын бөлмеге сүйреп апарып буындырып өлтірген деген күдікке ілініп отыр. Ал, күтушінің қылмысын жасырмақ болды ма, мекеме басшылығы жеткіншектің ата-анасына "жүрегі тоқтап қалды" деген. Алайда жүйке жүйесінің ауытқуымен дүнеге келген баласының көкала қойдай денесін көрген ата-ана бірден полицияға арызданыпты.

Телеарнаның мәліметінше, ақталмақ болған сотталушы ауру балаларды "төсекке таңып тыныштандыруды әріптестерім үйретті" деп айтқан. Азапты әдістер мұнымен бітпейді екен. Жылап қоймаған балақайларға жындыхана көйлектерін де кигізетін көрінеді. Ал, бұған жауап беруі тиіс Талғардағы мүгедек балалар интернатының директоры болса сотқа мүлде келмей қалды.

"Мен баланы, төсегіне байладым. Бірақ баланы мен ұрып-соғып азаптаған емеспін. Байлап қойғанда демалып тұрды бала", - дейді сотталушы Мейіргүл Жалымова.

Алғашқы сот отырысында-ақ баланы таңып байлағанын мойындаған күтуші ол әрекетінен ешқандай әбестік көрмейді екен. Айтуынша, әріптестері де мүгедек балаларды осылай байлап тыныштандырады екен.

"Қай жерде жазылған баланы тынышталмаған жағдайда алып жөргекпен байлау деген? - Неге байлайсыз ? Мен көргенімді істедім", - дейді сотталушы Мейіргүл Жалымова.

Тәрбиеші бұл әдіс мүгедек балалар интернатындағы қалған 90 балаға да қолданылатынын айтады.

"Ондай жағдай бізде орын алғанын өз басым көрген жоқпын. Бірақ, ондай байлау, нұсқаулықта да, ережеде де жоқ", - деді "Аяла" Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жарқын Нұрланұлы.

Телеарнаның мәліметінше, баласының көрген азаптарын өз құлағымен естіген әкесі көз жасына ерік беріп, сот залынан шығып кеткен.

"Медбикесі келіп жалған әңгіме айтып тұр. Балалардың барлығына "өлім көйлегін "жасаған. Балалардың бәрін азаптаған деп санаймын", - деді жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова.

Телеарнаның мәліметінше, бірініші сот отырысы тараптардан жауап алумен аяқталды. Айта кету керек, бала өлімі бойынша сотталушы орындығында тек бір тәрбиеші ғана отыр. Десе де, жақын күндері оған, әріптестері қосылып қалуы мүмкін. Өйткені, жәбірленуші тараптың адвокаты басқа да балаларды азаптады деген күдікпен бүкіл ұжымның үстінен іс қозғауды сұрамақшы. (Дереккөз: КТК)

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети