30 наурыз 2018 | 09:33

Талғарда мүгедек баланы қылғындырып өлтірген тәрбиешіге қатысты істің мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғар қаласында мүгедек балаларға арналған интернаттың тәрбиешісі 8 жастағы баланы қылғындырып өлтірді деген қылмысын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеу нұсқасы бойынша, ол баланы жөргекпен қылғындырып өлтірген.


Иконка комментария блок соц сети

Талғар қаласында мүгедек балаларға арналған интернаттың тәрбиешісі 8 жастағы баланы қылғындырып өлтірді деген қылмысын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеу нұсқасы бойынша, ол баланы жөргекпен қылғындырып өлтірген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 21 наурызда 29 жастағы әйел түнгі ауысымға шыққан. Ол екі тәрбиешіні ұйықтата алмай қойған. Олардың бірі төсекте секіріп, ойнап, ұйықтамай қойған. Осы кезде тәрбиеші, тергеу нұсқасы бойынша, оны жөргекпен қылғындырған. Бала 17 наурызда сегіз жасқа толған.

Тәрбиеші 24 наурызда ұсталған. Сол күні ол күдікті болып танылып, 21.20-да уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта ол ЛА-155/18 қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде. Мұның алдында оның екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын. Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2, 3 және 14-бөліктері бойынша жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети