04 қыркүйек 2015 | 19:53

Талғат Ермегияевтің жүргізушісіне іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: taxi-belamine.fr Фото: taxi-belamine.fr

Үй қамауындағы Талғат Ермегияевтің жүргізушісі - Саят Нәдірбаевқа іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төраға орынбасары Алик Шпекбаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Үй қамауындағы Талғат Ермегияевтің жүргізушісі - Саят Нәдірбаевқа іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төраға орынбасары Алик Шпекбаевқа сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Саят Нәдірбаев бюджет қаражатын жымқыруға астыртын көмектесті және мердігер компанияның бір миллиард теңге көлеміндегі Ермегияевқа арналған заңсыз сыйақысын жекелей жеткізіп берді деп айыпталып отыр. Бұл деректі тергеу әрекеттері кезінде Нәдірбаев пен мердігер компанияның жетекшісі растады", - деп хабарлады Шпекбаев.

Антикоррупциялық ведомствоның төрағасының орынбасары "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысының бұрынғы жүргізушісінен келді делінген хат жөнінде пікір білдірді. Айта кетейік, өткен аптада бұқаралық ақпарат құралдарында Саят Нәдірбаев ҚР Бас прокуратурасына хат жазды делінген хабар тарады. Бұл хатта тергеу тарапының оған физикалық және моральдық қысым түсіргенін айтты делінеді. 

"Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. (...) Сонымен қатар, Ермегияевтің туыстары Нәдірбаевты тергеу органдарынан жасырып жатыр және қазіргі уақытта ақпарат құралдарын және оның туыстарын пайдалана отырып, қылмыстық істі әділ жүргізуге кедергі келтіріп жатыр", - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Ол Саят Нәдірбаевтың қазіргі уақытта іздеуде жүргенін хабарлады. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Ескерткім келеді, Нәдірбаевты жасыруға әрекет етіп жатқан және қылмыстық істі тергеуге кедергі келтірген тұлғалар заңда бекітілген жауапкершілікке тартылады", - деп қорытындылады ол өз сөзін.

Еске сала кетейік, 12 маусымда "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамауына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты берген. Мұндай бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура ұсынды. Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.

2015 жылдың 18 маусымында Астананың №2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевтің мүлкіне, нақтырақ айтсақ, "Са-Бек" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "ТКМ" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "Глобус Алматы" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз); "ХОЗУ-Транс" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 100 пайыз); "Рахат-АВТО" (іскерлік қатысу үлесі - 18 пайыз); "Глобус Астана" ЖШС-на (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз) тыйым салды.

11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Бұл қызметке Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келді. Ермегияев қызметінен босатылғаннан екі күн өткеннен оның қамауға алынғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 16 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Айгүл Шайымова "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегиявқа қатысты іс туралы жаңа мағлұматтарды жария етті. Ол кезде Ермегияевтің пара ретінде қолма-қол 4 миллиард 200 миллион теңге алғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети