Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.
Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.
Әңгіме танымал блогерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов туралы. Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Олар бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеу соты олардың екеуін кепілмен босатып, біреуін екі айға сырттай қамауға алған.
"Азаматтар Т. және Ш-ға қатысты 1000 АЕК мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды.
Азамат С-ны сырттай қамауға алу туралы арыз түсті. Өтініш қанағаттандырылды: күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, бұған дейін алматылықтар танымал тележүргізуші мен вайнерлер жарнамалап жатқан қаржы пирамидасына шағымданған болатын.
Алматы тұрғыны Сәкен Нұрахметов Instagram әлеуметтік желісінде түрлі блогерлер парақшасына тіркелгенін айтты. Олардың бірінің парақшасынан ол Mudarabah Capital компаниясына "тиімді ислам инвестициялары" туралы бейнеролик көрген. Жарнама видеосына вайнер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев түскен.
"Танымал адамдар жарнамалаған". Алматыда ірі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!