"Танымал адамдар жарнамалаған". Алматыда ірі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда Astex.kz ЖШС, ACD technology ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС ірі қаржы пирамидаларының ұйымдастырушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Astex.kz ЖШС, ACD technology ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС ірі қаржы пирамидаларының ұйымдастырушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, күдікті - 29 жастағы ер адам. Оған Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру мен басқару" бойынша айып тағылып отыр. 

"Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, қаржы пирамидасын құрып, басқарғаны үшін 47 жастағы ер адам күдікке ілінді. Оны ұстау үшін жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Соталды тергеу Алматы қаласы ДП Тергеу басқармасының тергеушілеріне жүктелген", - деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов. 

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар танымал тележүргізуші мен вайнерлер жарнамалап жатқан қаржы пирамидасына шағымданған болатын. 

Алматы тұрғыны Сәкен Нұрахметов Instagram әлеуметтік желесінде түрлі блогерлер парақшасына тіркелгенін айтты. Олардың бірінің парақшасынан ол Mudarabah Capital компаниясына "тиімді ислам инвестициялары" туралы бейнеролик көрген. Жарнама видеосына вайнер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзім Саидбаев түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer