06 қыркүйек 2018 09:10

Таразда адам өлімімен аяқталған төбелестің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде 23 жастағы жігіттің өлімімен аяқталған төбелестің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде 23 жастағы жігіттің өлімімен аяқталған төбелестің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелес 2 қыркүйекте түнгі уақытта кафелердің бірінде болған. Шамамен сағат таңғы 04.30-да бір топ жігіт арасында дау шыққан. Видеобақылау камераларынан жігіт басына соққы жасалып, жерге құлап, сол күйі тұра алмағы көрінеді. Достары оны ауруханаға жеткізген, алайда ол есін жимастан қайтыс болған.

Жамбыл облыстық ІІД өкілдері күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Тараз қаласының үш тұрғыны ұсталды - жастары 21-22-де. Олар осы қылмысты жасады деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ, күдіктілердің түрі көрінген видео кадрлары бар. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек полициядағылар жігіт миына қан кеткен болуы мүмкін екенін айтты.

Кейінірек қайтыс болған жігіттің аты-жөні Дархан Құрмашев екені анықталды. Ол отбасындағы жалғыз бала екен, артында бір жасар қызы қалды. Құрылыс компаниясында сарапшы болып жұмыс істеген, футболмен айналысқан.

Туыстары соттың бұлтарпау шарасы ретінде үш күдіктіні ұстағанын хабарлады. Олардың екеуі тергеу изоляторына қамалған, ал үшіншісі қолхатпен үйіне жіберілген.

Сол күні Дархан кешке үйде футбол көріп отырған. Артынша достары келіп, оны кафеге алып кеткен. Соңғы рет әйеліне сағат 4-терде хабарласып, үйге қайтатынын айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети