06 наурыз 2014 14:26

Таразда жаңа туған сәбиін далада қалдырған әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Таразда жаңа туған баласын көшеде қалдырып кеткен әйелге бір жыл бостандығын шектеу жазасы кесілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Процесс Тараз қалалық №2 сотында 28 ақпан күні аяқталды. Меруерт Мырзалиева ҚР Қылмыстық кодексінің "Қауіпті жағдайда қалдыру" бабында қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп танылып, оған бір жыл бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды. Сот үкімі әлі өз күшіне енген жоқ. Tengrinews.kz балаларына қатігездікпен қараған аналар туралы бұған дейін де хабарлаған болатын. Оңтүстік Қазақстан облысында бір аяғы ауыр әйел өзінің төрт баласын сатып жіберген еді. 2011 жылы 27 жастағы келіншек күйеуімен ажырасып, үлкен қызын 30 мың теңгеге сатады. Кейін екі ұлын 40-30 мың теңгеге, кіші қызын 120 мың теңгеге саудалайды, тіпті ұлдардың бірін екі рет сатқан. Бала сату деректері ақпан айында Қостанай, Көкшетау облыстарында тағы тіркелген болатын. Қостанайда маскүнем әйел баласын нашақорларға қарыз орнына қалдырса, Көкшетауда бойжеткен нәрестесін 200 мың теңгеге сатып жіберген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети